1 сауалнама
" Бала кездегі ата-анаңыздың сізбен қарым-қатынасы."
Егер осы сұрақтардың ең болмаса үшеуіне «иә» деп жауап берсеңіз, сіз гомеостаз бағытында тәрбиелеген отбасында өскенсіз. Сіздің ата-анаңыздың сізді тәрбиелеудегі басты құралы манипуляция, қорқыту, сынап-мінеу, бәрін өз қалауларынша жасату, жас ерекшелігіңізді ескермеу, сырқа бәрін жақсы көрсетуге тырысу болған. Ата-анаңыз «есеймеген ересек» келбетінде өмір сүрген. Өмірге көңілтолмаушылықтарын, реніштерін, ашуларын шығаратын құрал ретінде өкіншке орай балаларын қолданған.
Бұл оларда бейсаналы әрекет болуы мүмкін. Себебі, олар өз ата-аналарының әрекеттерін қайталаған болар...
Тек сіз осы жағдайды білгенде, ата-анаңыздың әрекеті өзінің бақылауында болмағанын, ол бейсанадағы кейбір әрекетін санаға шығара алмағандықтан, өз ісіне жауапкершілік ала алмағанын түсінген боларсыз.
Тек сіздің ата-анаңызға қарағанда өз балаларыңызбен саналы ересек рөлінде өмір сүруге мүмкіндігіңіз бар.

Сауалнама бойынша жеке сараптама ақылы. 8
1. Ата-анаңыз сізге «Жаман баласың! Епсіз, ебедейсізсің! Қолыңнан түк келмейді!» деген не осыған ұқсас сөздерді айтатын ба еді? Ауыр сөздер айтып, боқтап, не көп сынап, кінәлайтын ба еді?
2. Тәрбиелеу мақсатында ата-анаңыз сізді ұратын ба еді? Белдікпен не басқа заттармен? Сіз қателессеңіз таяқ жейтініңізді біліп жүретін бе едіңіз?
3. Сіздің ата-анаңыз ішімдік жиі ішетін бе еді? Әлде есіртке тартқан ба еді? Сізде сол сәттерде қорқу, қысылу, ұялу, жайсыздық, осы жағдай жаныңызға батып, өзіңізді ауыр сезіну болатын ба еді??
4. Ата-анаңыздың бірінің өз қиындықтары себепті,олардың бірінің өзімен – өзі жабылып, тұңғйық күйзелісте жүргенінің куәсі болдыңыз ба?
5. Бала кезіңізде проблемалы ата- анаңызға қамқор болған сәттеріңіз көп болды ма?
6. Ата-анаңыз сізге құпия қалу керек дұрыс емес әрекет жасады ма? Сізді жыныстық зорлыққа итермеледі ме?
7. Сіз көп уақытқа дейін ата-анаңыздан қорқып келдіңіз бе?
8. Сіз ата-анаңызға ашуыңызды көрсетіп көрдіңіз бе? Әлде іштей ашулансаңыз да көрсетуге қорықтыңыз ба?
2 сауалнама
" Ересек өміріңізде сіздің ата-анаңызбен қарым -қатынасыңыз "
Егер сізде кемі үш « иә» деген жауап болса өкінішті...
Сіздің балалық шағыңыз гомеостаз бағытында тәрбиелеген ата-ана жанында өткен.
Сіз санаңызбен түсініп, ата-анаңыздың сізге балалық шақта жасаған әділетсіз қарым-қатынасын ұмытуға тырысқанмен, кешіруге тырысқанмен, өз денеңізді алдай алмайсыз. Сіздің денеңіз сізбен болған жаман қарым-қатынасты есте сақтап қалыпты.
Сізге ең бірінші ата-анаңызды есем, өзіңізді түсініп үйрену қажет, тек сол кезде ғана арнайы мамндардың көмегімен денеде қалып қойған сезімдерден өзіңізді арылдырған кезде, ата-анаңызға деген шынайы жылы сезіміңіз ашылуы мүмкін...
1. Сіздің ата-анаңыз сізбен кішкентай балаша қарым-қатынас жасайды ма?
2. Сіз өз өміріріңізге қатысты маңызды шешімдерді ата-анаңыздың шешіміне арқа сүйей отырып, шығарасыз ба?
3. Сіз ата-анаңызбен бірге уақыт өткізуді жоспаралғанда, түсініксіз тітіркену не денеде қарсылық,қаламау, құлазу сезінесіз бе?
4. Сіз ата-анағызбен қақтығысқа түсіп қалудан қорқасыз ба?
5. Ата-анағыз сізді әлі күнге шейін кінәлау не қоқыту арқылы манипуляция жасайды ма?
6. Ата-анаңыз ақша арқылы манипуляция жасайды ма?
7. Сіз ата-анаңыздың көңіл-күйіне жауаптымын деп ойлайсыз ба? Олардың бақытсыздығына өзіңізді кінәлі сезінесіз бе?
8. Сіз ата-анаңыз өзін бақытты сезіну үшін бәрін жасау керекпін деп ойлайсыз ба?
9. Ата-анаңызға қандай жақсылық жасасаңыз да олардың көңілі толмайтынын сезесіз бе?
10. Сіз ата- анаңыз бір күндері сіз туралы ойларын өзгертіп сізді бағалай бастайды деп ойлайсыз ба?
3 сауалнама
" Сіздің ересек өміріңіз "
Егер сіз осы сұрақтардың кемі үшеуіне «иә» деп жауап берген болсаңыз, гомеостаз отбасында дүниеге келуіңіз, сіздің ересек өміріңізге кері әсерін тигізіп жатыр. Сізде өзіңізге, болашағыңызға сенімділікпен қарау сенімі өте әлсіз. Сіз моралдық тұрғыдан үнемі өзгелерден қолдау күтесіз. Сізге ересек өміріңізде өзіңіз ойға алған мақсаттарыңызға жетуде қиындық әкеледі.
Адамдарға сенгіңіз келеді, бірақ күмәнданып тұрасыз, мүмкін ата-анаңыз сізге көп уәде беріп орындамаған болар? Әлде жақсы көруі мен жек көруін қатар көрсететін бе еді? Бүгін еркелетсе, ертеңіне болмашы ұсақ қателік үшін ұрып тастайтын ба еді?
Мүмкін сіз ата-анаңыздың бұйрық беріп сөйлегеніне үйреніп қалған соң, сіздің әрекетіңізді үнемі біреу бақылап отыру қажет деп ойлайсыз...
Бірақ қазір сіз өз өміріңіздің қожасысыз және сізге өз ойыңызды өзгелердің ойынан ажыратып алатын сәт жеткен сияқты. Өз бойыңыздағы құндылықтарға мән берсеңіз, өз қиындығыңызды жеңе алатын күшті бойыңыздан табатыныңыз сөзсіз...

Бұл тест сұрақтары «Токсичные родители» еңбегінің авторы Сьюзан Форвардың кітабынан алынды.
1. Сіз біреумен қатігез не қатал қарым-қатынастасыз ба? балаңыз, жолдасыңыз, ата-анаңыз т.б
2. Сіздің ойыңызша бір адамға қатты бауыр бассаңыз, эмоционалдық жақындық сезе бастасаңыз,ол адам сіздің жаныңызды ауыртатын іс жасайды немесе тастап кетеді деп ойлайсыз ба?
3. Сіз адамдардан жамандық күтесіз бе? Ал өмірден?
4. « Мен кіммін? Мен не сезінемін? Менің қалауларым қандай?» деген сұрақтарға жауап берусізге қиынға соғады ма?
5. Айналаңыздағы адамдар сіздің шынайы келбетіңізді көрсе, олар сізді жақсы көрмей кетеді деп қорқасыз ба?
6. Егер сіз өмірде жетістікке жете бастасаңыз, сіз туралы адамдардың жаман ойы туады деп ойлайсыз ба? «Ол өтірікші, алдайды, алаяқ» немесе « Жеңілтектікпен тауып жатқан, әйтпесе оның қолынан қайдан келсін!» деп ойлайды деп қорқасыз ба?
7. Сіздің еш себепсіз көңіл -күйіңіз түсіп, ұсақ дүниеге ренжіп қалатын кезіңіз жиі болады ма?
8. Сіз перфекционистсіз бе?
9. Сізге әдетте өзіңізді еркін сезіну, демалу, көңіл көтеру қиынға соғады ма?
10. Сіз өзіңізді қанша ата-анаңызды қайталамайын десеңіз де, олардың «копиясы» болып бара жатырмын деп ойлайсыз ба?
Консультацияга жазылу
Консультацияга жазылу
Made on
Tilda