Менің кәсіби психология саласында еңбек етіп келе жатқаныма 24 жыл.
Мен психология әлеміндегі жолымды педагог-психолог мамандығымен бастадым. Мектепте балалармен жұмыс жасап жүріп, балалардың бойындағы әр қиындықтың авторы ата-ана, ал қиындықты бала көп жағдайда отбасынан арқалап келетінін түсіндім. Кейін отбасы психологиясын зерттей бастадым. “ Отбасылық психолог” мамандығын игеріп шыққан соң, өзім ашқан “ Алфавит” балаларды дамыту орталығының ішінен өз кабинетімді ашып, бала проблемасымен келген ата-анаға отбасылық кеңес бере бастадым. Бәрі жақсы, тек көп ата-ана баласымен қарым-қатынаста қателіктерін өздері соны қаламаса да қайталап қоя беретін болды. “Бұл бейсаналы әрекеттің арғы жағында ата-ананың өзінің балалық травмасы тұрған болар?” деген оймен мен “ Балалық шақ бізден алысқа кетпейді…” демекші, балалық травманың ересек адам өміріне әсерін білу үшін Психанализ институтына түсіп, психоанализ курсын бітірдім. Клиенттерімді регрессияға түсіріп, өткенінде денеде қалып қойған сезімдерді денеден шығарып, бейсанадағы әрекетін санаға көтергенде, клиенттерімде ішкі әлемінде өзгеріс бола бастағанын көрдім. Ішкі әлемі өзгерген адамның сыртқы әлемінде де көптеген жақсы өзгерістер бола бастайтынына көзім жетті.
Қазір елімізде психология арқылы саналылыққа талпынатын адамдар көп. Мен қазір МИГиП иститутында гештальт - психотерапевт мамандығын меңгеріп жатырмын. Гештальт бағыты “ Қазір және осында” әдісімен адамға бағыттаушы сұрақ қою арқылы саналылыққа көтерілуге клиенттің өзіне мүмкіндік беретіні ұнады.

Курстын ерекшеліктері:
Қолжетімді
Мобильді қосымша